Ұлан Мұсаев әскери колледже оқуда жүргенде жұмбақ жағдайда басына оқ тиіп, жас жігіт төсекке таңылды. Қазір бас сүйегінің жартысы жоқ, көзі көрмейді, өздігінен қозғала алмайды. Анасы Гүлмира Мұқажанова ұлы "өзін-өзі атты" дегенге сенбейді. Үш жыл ішінде іс бірнеше рет тоқтап, қайта жанданған.