Ресей Украинаның дрон шабуылына "жауап бермек"

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин Украина дрондарының әскери әуежайға шабуылы жауапсыз қалмайтынын айтқан. Украина қауіпсіздік қызметі 1 маусымдағы Ресей әскери базасына жасалған дрон шабуылының жаңа видеоларын жариялап, «Ресей шығыны – 41 ұшақ» деді. Reuters агенттігі 20 ұшақтың жойылғанын жазады.